freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тікелей эфирдегі бейәдеп сөз: Алматыда екі блогер қамауға алынды

Қоғам
Тікелей эфирдегі бейәдеп сөз: Алматыда екі блогер қамауға алынды
Фото: видеодан кадр

Алматы полициясы екі блогерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екеуі де әкімшілік қамауға алынды. Бұған олардың әдепсіз сипаттағы материалдар жариялап, тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер қолдануы негіз болған.

Тікелей эфирлер, стористер мен бейнежарияланымдар – қоғамдық кеңістік. Әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған материалдары мен айтқан сөздері үшін әкімшілік қамауға дейінгі жауапкершілік қарастырылғанын түсінуі керек, – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Ведомство блогерлерді, стримерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын қоғамдық әдеп нормалары мен сөйлеу мәдениетін сақтауға, әдепсіз мазмұндағы материалдарды таратпауға және бейәдеп сөздерді қолданбауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу