Юрий Пя Ұлттық ғылым академиясының академигі атағын алды

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота  жасағанымен танымал

Malim Админ

  • 27.11.2024

Белгілі кардиохирург Юрий Пяға ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының академигі атағы берілді. Ол «Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша академик болып сайланды.

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция  жасағанымен танымал. Сонымен бірге ҰҒА-на ғалым, гинеколог-онколог Диляра Қайдарова да мүше болды.

«Академик-мүшелер ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысының шешімімен сайланды» деп жазды ұлттық академия сайты.

Юрий Пя Таразда тумасы, 1981 жылы Н.И.Пирогов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген. Мансабын Тулада бастап, одан кейін Қырғызстан мен Түркияда жұмыс істеді. 2003 жылы ол Қазақстанға шақырылды. Назарбаевтың тұсында медицинаның дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның еңбек ері» атағына ие болды. Сондай-ақ, еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған Астанадағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарды.

2023 жылдың қаңтар айында Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне емдеу-диагностикалық ота жасалды. Кардиохирург Пяның айтуынша, операция жоспарланған және шамамен 2,5 сағатқа созылды. Ол отадан кейін көп ұзамай Назарбаевтың процедурадан кейінгі жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.  

Фото: otyrar.kz

Байланысты жаналықтар

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

08.05.2025

Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен онкологиялық ота жасалды

28.04.2025

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

22.04.2025

Еліміздің 10 өңірінде түрмелерге ықпал жасайтын қылмыстық топтар ұсталды

22.01.2025

«Қара нарықта 36 млрд теңгеге бағаланады». ҰҚК былтырғы жұмысын қорытындылады

09.01.2025
MalimBlocks
Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен онкологиялық ота жасалды

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

Операция төрт сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Еліміздің 10 өңірінде түрмелерге ықпал жасайтын қылмыстық топтар ұсталды

Барлығы 118 күдікті қолға түскен

«Қара нарықта 36 млрд теңгеге бағаланады». ҰҚК былтырғы жұмысын қорытындылады

Сондай-ақ, 60-қа жуық есірткі жеткізу арнасын жойған