freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Динара Сәтжанның ұлының тойындағы торт талқыға түсті

Шоу-бизнес
Динара Сәтжанның ұлының тойындағы торт талқыға түсті
Фото-коллаж: malim.kz / ЖИ арқылы өңделген

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлы Даниалдың тойындағы ерекше торт әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жүргізуші Instagram-парақшасында жас жұбайларға ақ тілегін арнап, мерекелік дастарханға қойылған торттың суретін жариялаған. Ерекше тәтті Эйфель мұнарасы үлгісінде безендірілген.

Динара Сәтжан жазбасында Даниал мен Айнұрдың өмірі той торты секілді әдемі, нәзік әрі тәтті болсын деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ жас жұбайларды алда жаңа қалалар, саяхаттар, бақытты сәттер мен өмір бойы есте қалатын естеліктер күтіп тұрсын деп жазған.

Желі қолданушылары торттың дизайнына ерекше назар аударып, тойдың өзгеше өткенін атап өтті. Пікірлер арасында "Басқаша торт", "басқаша той", "Керемет торт", "Таңғалдырудан шаршамайсыз" деген жазбалар қалдырылған.

Сонымен қатар кейбір оқырман Даниалдың әкесі туралы сұрақ қойып, оның тойға қатысқан-қатыспағанын да талқылаған.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан той тортының неліктен дәл осындай үлгіде жасалғанын түсіндірген болатын. Оның айтуынша, ерекше дизайнға жас жұбайлардың Париж қаласына жасаған саяхаты себеп болған. Олар бұл қалада love story түсіріп, сол сапардың әсерін тойдың безендірілуіне де енгізген. Эйфель мұнарасы бейнесіндегі торт Париждегі ерекше сәттердің символы ретінде таңдалған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу