Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Діни басқарма телеарна ашпақ

Спорт
Діни басқарма телеарна ашпақ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасөз хабарламасын таратты.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Пандемия кезінде мүфтият қайырымдылық бағытта бірқатар шаралар атқарды.

Сонымен қатар карантин кезінде онлайн насихат жұмыстарының маңызы артты. Дегенмен ақпарат ғасырында жаңа технологияны игеріп, насихат жүргізу мен ақапарт таратудың телевизиялық тәсілін Өзімізден басқаруды ұйғардық.

Осыған орай ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз. Қазіргі таңда арнаға қажетті контентті жинақтау жұмыстары аяқталды. Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейне-роликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Арнаны «Отау тв» мен «Алма тв» кабельдік желілерінен көре аласыздар. Телеарнаның ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысады" делінген хабарландыруда.

"Халық арна" телеарнасының таныстырылым ертең астанада өтпек. Елімізде діни мазмұнда "Асыл арна" телеканалы жұмыс істеп тұр. Бұл арна діни басқармаған бағынбайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу