freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Доллар бағамы 2024 жылдың жазынан бергі ең төмен деңгейге түсті

Экономика
Доллар бағамы 2024 жылдың жазынан бергі ең төмен деңгейге түсті
Фото: Malim.kz

1 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасы алаңында доллар бағамы 475,09 теңгені құрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бір тәуліктің ішінде америкалық валюта 3,06 теңгеге арзандаған.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанда доллардың мұндай төмен бағамы 2024 жылдың жазынан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Еліміздегі айырбастау пункттерінде валюталардың орташа бағамы төмендегідей қалыптасты:

  • доллар: сатып алу – 474,5–475,5 теңге, сату – 476–476,5 теңге;
  • еуро: сатып алу – 547–551 теңге, сату – 553–555 теңге;
  • рубль: сатып алу – 5,8–5,9 теңге, сату – 5,92–5,95 теңге.

Сонымен қатар, ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым айына арналған фьючерстерінің бағасы барреліне 103,78 долларды құрап отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу