Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Доллар бағамы 547 теңгеден асты

Экономика
Доллар бағамы 547 теңгеден асты

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы өсіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

25 шілде күні сағат 11:20-дағы жағдай бойынша, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар 546-547 теңгеден сатылып, 539-540 теңгеден сатып алынып жатыр. Ал Алматыда доллар 546-548 теңгеден сатылып, 543-545 теңгеден сатып алынуда.

Айта кетейік, 23 шілдеде Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542-543 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынған болатын. Алматыда сол күні сату бағамы 541-543 теңге, сатып алу бағамы 539 теңге болған.

Ұлттық банктің 25 шілдеге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 541,93 теңге.

Фото: Malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу