25 ақпанда Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қайта өсім көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңындағы күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 501,26 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 4,02 теңгеге жоғары. Осылайша, нарық үшін маңызды саналатын 1 доллар үшін 500 теңге деңгейі қайтадан еңсерілді.
Ал Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген 25 ақпандағы ресми бағам – 496,85 теңге.
Валюта айырбастау пункттеріндегі орташа бағам төмендегідей:
Алматы қаласында:
- сатып алу – 500,97 теңге;
- сату – 504,37 теңге.
Астана қаласында:
- сатып алу – орта есеппен 497,00 теңге;
- сату – 504,00 теңге.
Осылайша, биржадағы өсім айырбастау пункттеріндегі бағамға да әсер етті.