Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,62 теңгеге қымбаттап, 493,85 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 493,23 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 493,48 теңгеден сатып алынады, 495,82 теңгеден сатылады. Еуро 566,98 – 577,76 теңге, ал рубль 6,24 – 6,38 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,30 теңгеден сатып алынады, 75,30 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 492,00 теңгеден сатып алынады, 499,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 568,91 теңге, сату - 579,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,15 теңге, сату - 6,45 теңге.
- юань: сатып алу - 72,05 теңге, сату - 76,23 теңге.