freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дональд Трамп Конгреске Иранмен соғыстың аяқталғанын хабарлады

Әлем
Дональд Трамп Конгреске Иранмен соғыстың аяқталғанын хабарлады
Фото: Matt Rourke/AP Photo/dpa/picture alliance

Ақ үй Конгреске жолдаған хатында өңірде америкалық әскерлердің болуы сақталғанына қарамастан, Иранмен әскери іс-қимылдар «тоқтатылғанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

1 мамыр күні қақтығысты жалғастыру үшін Конгресс мақұлдауын алу мерзімі аяқталды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен соғысты аяқталған деп санайды. Ол бұл туралы жұма күні, 1 мамырда, ел Конгресіне хабарлағанын Associated Press (AP) агенттігі жазды. Осы күні Иранмен әскери қақтығысты жалғастыру үшін Конгресс мақұлдауын алу мерзімі аяқталған. «2026 жылғы 28 ақпанда басталған әскери іс-қимылдар тоқтатылды», — делінген Трамптың Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон мен Сенаттың уақытша төрағасы Чак Грассли атына жолдаған хатында.

Сонымен қатар, АҚШ президенті өз хатында іс жүзінде соғыс әлі толық аяқталмағанын да аңғартты.

«АҚШ-тың Иран режиміне қарсы операцияларының табысты өтуіне және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі жалғасып жатқан күш-жігерге қарамастан, Ираннан төнетін қауіп АҚШ пен біздің қарулы күштеріміз үшін әлі де айтарлықтай жоғары», — делінген хатта.

АҚШ Сенатындағы демократтар көшбасшысы Чак Шумер Ақ үйдің Конгреске жолдаған хатындағы уәждерін «мағынасыз» деп атады.
 

«Бұл — заңсыз соғыс, және республикашылдар оған ортақтасып, жалғасуына жол берген әр күн — адам өміріне қауіп төнетін, бейберекетсіздік күшейетін және бағалар өсетін тағы бір күн», — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу