freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы тағы да арзандады

Саясат
Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы тағы да арзандады
Depositphotos

Дүйсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша әлемдік мұнай бағасы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сарапшылар мұны АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазына қатысты мәлімдемесімен байланыстырып отыр.

Brent мұнайы фьючерстері 0,59%-ға немесе 64 центке арзандап, барреліне 107,53 долларды құрады. Бұған дейін жұма күнгі саудада баға 2,23 долларға төмендеген болатын.

Ал АҚШ-тың WTI мұнайы 0,82%-ға немесе 84 центке арзандап, барреліне 101,10 доллар деңгейінде саудаланды. Алдыңғы сессияда бұл көрсеткіш 3,13 долларға төмендеген еді.

Бағаның құбылуына Трамптың Дональд Трамп Ормуз бұғазында арнайы операция басталатынын мәлімдеуі себеп болған. Ол Truth Social желісінде АҚШ Парсы шығанағында тұрып қалған сауда кемелерін алып жүруді қамтамасыз ететінін хабарлаған.

Трамп бұл бастаманы «Еркіндік» жобасы деп атап, оның 4 мамыр күні таңертең іске қосылатынын айтты. Оның сөзінше, операция гуманитарлық сипатқа ие және әртүрлі елдердің бейтарап кемелерін қауіпсіз өткізуге бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу