Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дональд Трамптың созылмалы ауруға шалдыққаны анықталды

Әлем
Дональд Трамптың созылмалы ауруға шалдыққаны анықталды

АҚШ Президенті Дональд Трампқа созылмалы тамырдағы жеткіліксіздік диагнозы қойылғанын Ақ үйдің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ Президенті Дональд Трампқа созылмалы тамырдағы жеткіліксіздік диагнозы қойылды – бұл төменгі аяқтарда қанның кері ағымы бұзылатын жағдай. Бұл туралы 17 шілде, бейсенбі күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт дәрігерлердің қорытындысын оқып отырып мәлімдеді.

Бұл хабарлама бірқатар БАҚ-та Трамптың аяқтарының ісінуі мен қолындағы көгеру белгілері жайлы ақпараттар жарияланғаннан кейін айтылды.

Ливиттің айтуынша, жасалған талдаулар мен ультрадыбыстық зерттеу 79 жастағы саясаткерде терең тамырдағы тромбоз, артериялық аурулар, жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек қызметінің бұзылуы жоқ екенін көрсеткен.

Баспасөз хатшысы Трамптың қолындағы көгеру жиі қол алысу мен жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу мақсатында қабылданатын аспиринмен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.

Фото: Nathan Howard/REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу