«94 жобаның 45-і бас тартты». Экология министрі экологиялық жобалардың неге іске аспайтынын түсіндірді

Мәди Саматұлы

  • 21.01.2025

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бүгінгі Үкімет отырысында экологиялық жобалардың неге іске аспай қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында министрлік әкімдіктер ұсынған утильтөлемдер есебінен қаржыландырылатын 232 млрд теңгеге 94 жобадан тұратын пул әзірлеген. Қазір мәлімделген 94 жобаның 45-і бағдарламаға қатысудан бас тартқан.

Әкімдіктер жобаларды толыққанды пысықтап қалыптастыру кезінде қатысуға мүмкіндігі жоқ жобаларды алып тастағанда бұндай жағдай болмайтын еді. Мысалы, осындай бас тартқан жобалардың ең көбі Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады. Сонымен қатар, өңірлердің әкімдіктері жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізбеді. Әрбір жобаны пысықтау барысында әкімдіктердің жанындағы құрылымдар қажетті деңгейде қолдаған жағдайда құжаттарды тапсыру мерзімдерін және оларды келісу процесін айтарлықтай қысқартуға болар еді, дейді ол.

Министрдің сөзінше, осыған байланысты әкімдіктерге жобаларды іске асырудың жолдарын қайта қаратыру қажет. Сондай-ақ, өткен жылдың наурызында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеудің қуатын арттыру бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жобалардың қосымша пулын қалыптастыру жұмыстарын қатар жүргізіп отырған. Нәтижесінде бүгінде министрлік әкімдіктер ұсынған жалпы құны 307 млрд теңгеге 65 жобаны қарастырған. Оның ішінде 41 жоба қалдықтарды қайта өңдеуге жатады.

Бүгінде 5 жобаға Өнеркәсіпті дамыту қорына 3,5 млрд теңге бөлінді. Ал жеке инвестицияларды қосқанда жобалардың жалпы құны 5 млрд теңгені құрайды. 60,9 млрд теңгені құрайтын 11 жоба қордың екінші кезеңінде қаралып жатыр. 241,1 млрд теңге тұратын 49 жоба бойынша инвесторлар құжаттарды қордың ескертулеріне сәйкес пысықтап жатыр, деді Ерлан Нысанбаев.

Аталған жобалардың қуаттылығы сұрыптау бойынша жылына 2,2 млн тонна, қайта өңдеу бойынша жылына 1,1 млн тонна. Осы жобалар іске асқан жағдайда 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және 54,6 млрд теңгеге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік бермек.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

05.04.2025

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

28.03.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

26.03.2025

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

26.03.2025
MalimBlocks
Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр. Бұл мәліметті Ulysmedia.kz тілшісіне Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады