Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады

Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы

Malim Админ

  • 27.09.2024

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесу барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.


Бүгінгі таңда су қоймасын мемлекетке қайтару процесі аяқталуға жақын. Нысан осы жылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» республикалық кәсіпорнының балансына көшуі тиіс.

Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 миллион текше метр.

«Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі болып табылады. Жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда. Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарғаннан кейін біз қордаланған мәселелерді шешу үшін ең алдымен көп факторлы зерттеу жүргіземіз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, Ұлытау облысының тұрғындары министрге өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыз судың сапасын жақсарту, жерасты су құбырларын жөндеу және жергілікті су айдындарының экологиялық жағдайы туралы сұрақтарын қойды.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 

Байланысты жаналықтар

Ұлытау облысының экс-әкімі: Қордаланған мәселелердің шешімін табу оңай болмады

09.10.2024

Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды

09.10.2024

Ұлытаулық азамат марганец рудасын заңсыз өндірген

27.09.2024

Тексерістен кейін Қызылағаш су қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілді

04.09.2024

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

28.11.2023

Облыстардың аймақтық дамуында серпіліс зор

23.10.2023
MalimBlocks
Ұлытау облысының экс-әкімі: Қордаланған мәселелердің шешімін табу оңай болмады

Ең бастысы, халық күдер үзуге айналған күрделі мәселелер назарға қайта ілігіп, сең қозғалды

Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды

Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылдың маусым айынан бастап Ұлытау облысының әкімі қызметін атқарды

Ұлытаулық азамат марганец рудасын заңсыз өндірген

Күдіктінің 337 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленді

Тексерістен кейін Қызылағаш су қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілді

Бөгеттің бір бөлігіне жөндеу жүргізілмеген

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

Облыстардың аймақтық дамуында серпіліс зор