Қолайсыз ауа райына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

Арман Қайыпхан

  • 25.11.2024

Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең, 26 қарашада еліміздің 10 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

+25 ыстық. Бүгін ауа райы қандай болады?

02.04.2025

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

30.03.2025

Демалыста ауа райы қандай болады?

28.03.2025

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

28.03.2025

Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

24.03.2025

Мереке күні ауа райы қандай болады?

22.03.2025
MalimBlocks
+25 ыстық. Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін

Демалыста ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

24 наурызда елдің 16 өңірі мен ірі қалаларында ауа райы қолайсыз болады

Мереке күні ауа райы қандай болады?