Жолбарыстар Балқаш жағасына қайта оралды

Екі жолбарыс "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына жеткізілді

Мадина Қайнарова

  • 23.09.2024

Елімізге жолбарыстар қайта оралды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлайды.

Жабайы табиғат халықаралық қорының (WWF) жобасы аясында Қазақстан, Ресей және Швейцарияның бірлескен экспедициясы Орталық Азияда Тұран жолбарысын өсіру үшін Балқаш өзенінің оңтүстік жағалауын, нақтырақ айтқанда Іле өзені атырауының аумағын немесе одан шығысқа қарай жатқан аумақты қолайлы жер ретінде таңдап алды.

Реинтродукциядан кейін Қазақстанға тасымалданған және тұрақты популяция қалыптастырған Амур популяциясының жолбарыстары аумақтық белгілері бойынша Тұран популяциясының жолбарыстарына айналады. Қазір жолбарыстарды реинтродукциялау бағдарламасы маңызды кезеңге жетті. Бұл Амур жолбарыстарының Нидерландыдан "Іле-Балқаш" резерватына келуіне байланысты.

WWF пен Қазақстан арасындағы көпжылдық және тығыз ынтымақтастықтың арқасында екі жолбарыс Анна Пауловна қаласының Landgoed Hoenderdaell зообағы жанындағы жыртқыштарды ұстайтын мамандандырылған орталығынан "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына жеткізілді.

Оңтүстік Балқаштың экожүйесін қалпына келтіру үшін осы "Іле-Балқаш" резерваты құрылған болатын. Қазір жолбарыстың табиғи жем-шөп базасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жолбарыстың табиғи қорын жақсарту және резерваттың алыс орналасуы адам өміріне қауіп төндірмеуге мүмкіндік туғызады.

Жолбарыстардың Қазақстанға келуі - еліміз үшін тарихи оқиға. 2025 жылы Ресей Федерациясымен келісім бойынша жабайы табиғаттан 3-4 жолбарыс әкелінбек.

Осы демалыс күндері жолбарыстар жаңа мекендеріне жүк тасымалдайтын ұшақпен және тікұшақпен арнайы контейнерлерде жеткізілді. Қазір олар "Іле-Балқаш" резерватының қорық аймағының шекарасында орналасқан шағын қоршауда акклиматизациядан өтіп жатыр. Бірнеше аптадан кейін олар кеңірек қоршауға жіберіледі.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

"Балқаш-Бурылбайтал" автожолы да ақылы болмақ

08.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025
MalimBlocks
"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

"Балқаш-Бурылбайтал" автожолы да ақылы болмақ

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды