Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екі жыл ішінде 23 есірткі зертханасы жойылған

Құқық
Екі жыл ішінде 23 есірткі зертханасы жойылған

2022 жылдан бері елімізде 123 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

Биыл 9 айда есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін ішкі істер органдарының 12 қызметкеріне айып тағылды. 

«Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар есірткі бизнесінің ұйымдасқан түрлерімен күресуге ерекше көңіл бөледі. Мәселен, 2 жылдың ішінде 123 есірткі зертханасы жойылды. Оның 72-сі биылғы жылдың 9 айында ғана, 14 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Оның 2-еуі – трансұлттық», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министр ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында есірткіге қатысты қылмыс жасау фактілерін жоққа шығару мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске аясында тиісті жұмыс істеп жатқанын айтады.

«Сонымен қатар есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін ішкі істер органдарының 24 қызметкеріне (2023 жылы – 12, 2024 жылы 9 айда – 12) айып тағылды», - деді Олжас Бектенов.

Фото: Ашық дереккөз 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу