Алматыда ұзаққа созылған екі маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрақты негізде тапсыру мерзімі бұзылған, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына мониторинг жүргізеді.

Malim Админ

  • 26.09.2024

Еліміздің барлық өңірлерінде - барлығы 156 нысан орнатылды. Оның ішінде 5 нысан Алматы қаласы бойынша орналасқан. 

2024 жылдың тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шараларының арқасында 2019 жылы құрылысы басаталып, 2020 және 2021 жылы аяқталуы тиіс«Шанырак-1,2 шағын ауданында сарқынды суларды айдау станциясының құрылысы» және «Алматы қаласы Қарасу шағын ауданының шығыс бөлігінде сумен жабдықтау және су бұру» объектілері пайдалануға берілді.
Аталған шағын аудандарда 6,5 мыңнан астам үй 5 жыл бойы сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылмаған.

2023 жылғы қарашада және 2024 жылғы наурызда осы ұзақ құрылыстарды аяқтау мәселесі қала әкімінің қатысуымен ведомствоаралық комиссияда қаралды. 

Құрылыс барысын жедел бақылау үшін жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері еріктілермен бірлесіп апта сайын осы объектілерге барып, туындайтын мәселелерді шешуге және жұмыс кестелерін сақтауға ықпал етті.

Бүгінгі таңда екі нысан да сәтті пайдалануға беріліп, техникалық бақылау сатысында тұр. Бұл қажетті коммуналдық қызметтерге қол жеткізген мыңдаған алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды қадам болды.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды