457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бауыржан Ысқақ: Жолдауда айтылған банк туралы заңның игілігі көп болмақ

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында еліміздің экономикалық дамуында шешуші рөл атқаратын мәселелерге кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысының банк секторы мен нақты экономика арасындағы қарым-қатынасқа қатысты айтқан пікіріне байланысты қаржыгер Бауыржан Ысқақ өз көзқарасын білдірді.


Қаржы саласының маманы ретінде мені ерекше алаңдатқан тұс екінші деңгейлі банктердің нақты секторға қаржы салудағы енжарлығы болды.

Мемлекет басшысы бұл тақырыптың қоғамда бұрыннан қызу талқыланып келе жатқанын атап өтті. Банктер, өкінішке қарай, нақты секторды несиелеуден гөрі қаржылық тәуекелі төмен бағыттарға инвестиция салғанды жөн көреді. Бұл, бір жағынан, банктердің өз активтерін сақтандыру амалы болса, екінші жағынан ел экономикасының өсім қарқынына тежеп отыр.

Қазақстан банктерінің активтері дамыған елдермен салыстырғанда жоғары табыс әкеліп отыр. Бірақ бұл табыстың негізгі көзі экономикаға бағытталған несиелер емес. Қаржыгер ретінде бұл үрдіс мені алаңдатады. Себебі ел экономикасының тұрақты өсуі нақты секторға салынатын қаржы көлеміне тікелей байланысты.

Нақты сектор — экономиканың тірегі. Бұл ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, шағын және орта бизнес секілді елге жұмыс орындарын ашатын, салықтық түсімдер әкелетін және экспорттық әлеуетті арттыратын салалар. Егер банктер бұл секторға қолжетімді әрі тиімді несиелеу тетіктерін ұсынбаса, елімізде бизнес жүргізу де, жаңа жобаларды іске асыру да қиын болмақ.

Президенттің Ұлттық банк пен Үкіметке банктердің қаржысын экономикаға тартудың тиімді жолдарын табу жөніндегі тапсырмасы дер кезінде айтылған орынды шешім. Бұған қоса, Мемлекет басшысы жаңа "Банктер туралы" заң қабылдаудың маңызын ерекше атап өтті. Бұл заң нарықтың талаптарына сай келіп, технологиялық өзгерістерді, сондай-ақ экономика сұранысын ескеруге тиіс.

Жаңа заңда келесі мәселелер көрініс табуы керек деп ойлаймын. Бәсекені күшейту банктер арасындағы шынайы бәсекелестік қаржы қызметтерінің сапасын арттырады. Нарыққа жаңа қатысушыларды тарту финтех, несиелік серіктестіктер, шағын банктер арқылы қаржы нарығын әртараптандыру. Цифрлық активтер айналымын ырықтандыру блокчейн және басқа да заманауи технологияларды қолдануға жол ашады. 

Қаржы технологияларын дамыту онлайн несиелеу, Big Data, жасанды интеллект негізіндегі сараптама жүйелерін енгізуге мүмкіндік береді. 

Экономиканың басым секторларын қаржыландыруға басымдық беру әсіресе ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне тиімді. 

Бұл бағыттағы заңнамалық өзгерістер банктердің рөлін қайта қарауға және олардың экономикалық даму процесіне белсендірек араласуына жол ашады. Сонымен бірге, банктер де өз жауапкершілігін терең сезініп, ел экономикасының маңызды қатысушысы ретінде әрекет етуі тиіс.

Қорыта айтқанда, банктер мен нақты сектор арасындағы қарым-қатынасты қайта құру еліміздің ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл Президенттің бүгінгі Жолдауында айқын көрініс тапты. Ендігі міндет осы бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыру.

Фото: inbusiness.kz      


 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00