Бауыржан Ысқақов: Президент ұсынған заң мүмкіндігі шектелген банктерді азайтады

Қазақстандық банктердің экономиканы қаржыландырғанынан гөрі, тұтынушылық несиеге қарай бағыт алып кеткен

Олжас Қасым

  • 02.09.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында банктер туралы жаңа заң қажеттігін айтты. Бұл өз кезегінде банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасайтын жол. Қаржыгер Бауыржан Ысқақов жолдауда көтерілген қаржылық саясат мәселелері жүзеге асса, ел қазынасы молыға түсетінін алға тартады.  

«Банктердің экономиканы қаржыландырғанынан гөрі, тұтынушылық несиеге қарай бағыт алып кеткені байқалады. Оны банк арқылы қаржыландырылған шағын және орта бизнес субъектілерінің әлі де аз екенінен аңғаруға болады. Екінші, отандық экономикада бұрыннан қалыптасқан бір ғана лицензиямен жұмыс істейтін басқа да функция атқаруға мүмкіндігі  шектелген банктер  ортасы қалыптасып отыр. Ал әлемнің дамыған мемлекеттерінде шағын және орта бизнесті қаржыландыратын банктерге арналған   заң-ережелер бар. Ірі кәсіпорындарға  банктің тағы да қызығушылық жасайтын арнайы механизмдері іске қосылған. Міне,осы бір жаңашылдықты біздің банктерде жүзеге асырар болсақ, еліміздегі бір орында қалып қойған банктерге тың серпіліс әкелер еді»,-дейді экономист.    

Б.Ысқақов отандық экономиканы еселеу үшін Қазақстан шетелдің табысты банктік жүйелерін нарыққа енгізумен мықтап айналысуға тиіс деп біледі. Бұл ретте ол дамыған елдердің тәжірибесін негізге алуды ұсынады.

«Мәселен, исламдық қаржыландыруды алайық. Сол секілді шариғаттың ілімі, талаптарымен қаржыландырылатын банктер бізде жоқтың қасы. Біріккен араб әмірліктерінде бір ғана заңның шеңберінде банктер дәстүрлі және исламдық құндылықтарды ескеріп жұмыс істеуде. Атап айтқанда,пайыздық мөлшерлеме төмен. Сәйкесінше әр түрлі салаларды қамтып, ел қазынасын қампайтып келеді.  Арнайы банктер туралы заң қабылдау арқылы экономика саласына несие беретін банктер саны артады. Сонымен қатар, сырттан келетін сервистік қызметі жоғары ірі банктердің  Қазақстан экономикасына жұмыс жасауына мүмкіндік береді», -дейді қаржы маманы. 

Фото: inbusiness.kz      

Байланысты жаналықтар

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025
MalimBlocks
18 мамырға арналған валюта бағамы

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді