Бір жылда үй бағасы 3,9%-ға қымбаттады

Жаңа тұрғын үйлерді сату 2,3% өсті

Malim Админ

  • 12.11.2024

2024 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 143 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 690 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 30 453 мәміле жасалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.


2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда (39 543) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1%-ға азайды.

Бір жылда (2024 жылғы қазан 2023 жылғы қазанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 3,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 2,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы қазанда 6,7% жоғарылады.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында жылдық мәнде баға Тараз – 8,6%, Ақтөбе – 7,9%, Талдықорған – 7,2%, Көкшетау, Қызылорда қалаларында – 7,1%-дан едәуір өскен. Қолданыстағы үйлер нарығында баға өсімінің көш басын Атырау (24,7%) мен Астана қаласы (11,3%) бастап тұр, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Орал (24,2%), Шымкент (21,9%) және Петропавл қалалары (21%).

2024 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 143 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 690 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 30 453 мәміле жасалды. 2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда (39 543) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 642 – 19,5%) және Астана (6 993 – 17,9%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 997 – 7,7%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 527 мәміле (1,3%).

2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазанда ең көп өсім Ұлытау (+33,1%), Қызылорда (+22,6%) және Абай (+21,2%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Батыс Қазақстан (-21,5%), Солтүстік Қазақстан (-19,8%) және Жетісу (-8,6%) облыстарында орын алды.

2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны бойынша жағдай тұрақты, азаю тек 0,2%-ға (54 мәмілеге). 2024 жылдың қазан айында пәтерлер бойынша барлығы 30 453 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,8%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (23,2%), Астана (22,6%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,3%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың қазан айында олар бойынша 11 570 мәміле ресімделген.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

07.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

02.05.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

Пәтерді жалға алушы азамат көз жұмған