Доллар құны 500 теңгеге жетті. Ұлттық банк жаңа талап енгізеді

Мұнай нарығында да пессимистік ахуал байқалып отыр

Malim Админ

  • 19.11.2024

Валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі.


ҚР Үкіметінің тиісті қаулысы мен Ұлттық банктің бұйрығы жақын күндері қабылданады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлім етті.

«Соңғы уақытта ішкі және сыртқы факторлардың жиынтығы теңгенің әлсіреуіне алып келді. Сыртқы сектордағы жағдай әлі де күрделі болып отыр. Бұл жоғары құбылмалылық пен жаһандық экономикалық тәуекелдердің сақталуымен байланысты. АҚШ доллары дамыған және дамушы нарықтардың валюталарына қатысты нығаюын жалғастырды. DXY индексі қыркүйек айынан бері 5,5%-ға артып, 106,2 тармаққа дейін жетті. ЕМ валюталарының индексі қыркүйек айының соңынан 4,1%-ға төмендеді», — деді Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша мұнай нарығында да пессимистік ахуал байқалып отыр. Бұл әлемдік сұраныстың баяу қалпына келуі мен ОПЕК+ тарапынан ұсыныстың өсуі болжануына байланысты. Соның нәтижесінде мұнай бағасы барреліне 71-72 АҚШ доллары деңгейіне дейін төмендеді.

«Ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және валюта нарығында, оның ішінде квазимемлекеттік сектор тарапынан ұсыныстың шектелуі байқалады. Шетел валютасына сұраныстың өсуі жалпы экономикалық белсенділіктің, оның ішінде сыртқы экономикалық белсенділіктің артуына байланысты. Сондай-ақ, оған бюджет шығыстарының артуы мен квазимемлекеттік компаниялардың инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға шығындарының ұлғаюы сеп болып отыр. Осы фактордың барлығы жиынтығында импорттың өсуіне, сәйкесінше, шетел валютасына сұраныстың артуына ықпал етеді. Валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің бұзылуы инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізіп, инвестициялық жобалардың қымбаттауына және жалпы инфляциялық қысымның артуына алып келеді. Осыған байланысты валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы мен Ұлттық банктің бұйрығы әзірленіп, жақын күндері қабылданады», — деп толықтырды ҰБ өкілі.

Оның айтуынша бұл талап 2023 жылдың тамызына дейін қолданыста болған, алайда макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты уақытша тоқтатылған еді. Сонымен бірге, бұл талап шоктарды бәсеңдету үшін жедел қолдануға болатын тиімді құрал болып табылады.

Еске салсақ, кеше доллар қор нарығында 500 теңгеден саудаланды. Бүгін баға сәл түсті. 

Фото: freepik.com 

Байланысты жаналықтар

19 мамырға арналған валюта бағамы

19.05.2025

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

17 мамырға арналған валюта бағамы

17.05.2025

16 мамырға арналған валюта бағамы

16.05.2025

Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі

15.05.2025

14 мамырға арналған валюта бағамы

14.05.2025
MalimBlocks
19 мамырға арналған валюта бағамы

18 мамырға арналған валюта бағамы

17 мамырға арналған валюта бағамы

16 мамырға арналған валюта бағамы

Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі

14 мамырға арналған валюта бағамы