Егістікті сақтау: Шегірткемен күрес тоқтамайды

Malim Админ

  • 26.05.2021

Қазақта «шегірткеден қорыққан егін екпейді» деген сөз бар. Әрине, шегіртке егіннің жауы, шындап келсе еңбегіңді еш қылуы мүмкін. Бірақ, қазір басқа уақыт, жаңа заман. Мұндай зиянды жәндіктермен күресуге толықтай мүмкіндік бар. Сол себепті, қазақ фермерлері үшін шегіртке баяғыдай қорқынышты емес деуге болады. Десе де, салғырттық танытып, сәл тізгінді босатсаң, опық жеп қалатының анық. Сондықтан, жергілікті әкімшіліктер мен жеке шаруа қожалықтары өз егіс алқаптарындағы күдікті, күмәнді жағдайларды дер кезінде министрлікке хабарлап отыруға тиіс.

Мамыр айының 24-і, яғни, осыдан екі күн бұрын Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі аумағындағы 1 жастағы итальяндық прус личинкаларының көбейіп кеткені хабарланып, бұл ақпараттың рас екені анықталды. Осы хабар жетісімен, арнайы мамандар барып зерттеп, тез арада ұйымдасқан түрде аталған өңірге зиянкестермен күреске арналған дәрі-дәрмектер жеткізілген. Тиісті мамандардың айтуынша, шегіртке личинкаларына қарсы  химиялық өңдеу  бейберекет жүргізіле бермейді. Бұл шараларды қолдану үшін де шегірткелердің оңтайлы жасы болады. Нұсқауларға сүйенсек, шегіртке зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу 2-3 жаста жүргізіледі екен.

Тиісті орындардың болжамына сәйкес, Батыс Қзақастан облысы бойынша биыл барлығы 72 326 гектар жерге шегіртке үйірімен таралады дейді. Оның 70 326 гектарына біз айтып отырған итальяндық прус таралуы мүмкін. Өалған 2 мың гектар үшін шегірткемен айқасуға тура келеді. Осы мақсатта қазір облыста химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мамандармен шарт жасалып, барлығы 30 техника жұмылдырылмақ.  Одан бөлек Қаратөбе ауылында «Энжио», «Локустин», «Имидор», «Комбат» және «Ципрофен» дәрілік препараттары пайдаланылып жатыр.

Аталған дәрі-дәрмектер бұдан да кең көлемде сатылып алынды. Өйткені, жалпы деректерге сәйкес, биыл еліміз бойынша 640 850 гектарға үйірлі шегіртке (оның 384 мыңы италиялық прус, 142 мыңы азиялық шегіртке, 114 мыңы морокколық шегіртке) таралуы мүмкін деген болжам бар. Жоғарыда аталған препараттардан бөлек, қазір қорда 224 мың гектарға жететін пестицид бар.

Батыс Қазақстан облысы ғана емес, өзге облыстарда да шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес мықтап қолға алынуда. Атап айтсақ, қазір Түркістан және Жамбыл облыстарында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары толықтай аяқталды. Ал Ақтөбеде италиялық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары басталып жатыр.

Шегірткемен күрес тек қана егіс алқаптары үшін емес, жалпы қоршаған ортаны қорғау мақсатында да жүргізіледі. Өйткені, қонған дерін тақырлап кететін бұл алапат жыртқыш зиянкестер жалпы табиғатқа да көп кері әсер етеді. Осыған орай, пестицидтің түрлі топтарындағы препараттарын сатып алынып жатыр. Бұл бағыт бойынша облыс, аймақ әкімдерімен бірлесе жұмыс істеу үшін арнайы жоспар жасалып жатыр. Шегірткемен күресу үшін қазір облыс әкімдіктерінде жедел штабтар құрылды, оны облыс әкімінің орынбасарлары басқаратын болады.

Ал, республика бойынша химиялық өңдеуге арналған 183 арнайы бүріккіш техника тартылмақ. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 524 автокөлік пен 1230 тексеруші жұмысқа тартылатын болады. Сондай-ақ, Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты көршілес елдермен шекаралас аумақтарда зиянкестердің шоғырланған жерін анықтау мақсатында біріккен зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады. 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

21.10.2024

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

21.10.2024

Фермерлер Президентке хат жолдады

21.10.2024

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артып келеді

21.10.2024

Әлемдік нарықта арпа-бидай бағасы өсіп келеді

20.10.2024

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

18.10.2024
MalimBlocks
Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

Еңбек министрлігі тиісті өзгерісті ашық талқылауға шығарған

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

«Alsera kz» ЖШС жылыжай кешені «Бозарық» индустриялық аймағында салынбақ

Фермерлер Президентке хат жолдады

Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл мол өнім алынған

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артып келеді

2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 661,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты

Әлемдік нарықта арпа-бидай бағасы өсіп келеді

Бұл отандық өндірушілерге қолайлы жағдай туғызып отыр

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

Білім және ғылым мен инновация салаларындағы ынтымақтастықты ұлғайтудың маңызы зор