Елімізде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қосымша 222 млрд теңге бөлінді

Бүгінгі таңда 8% деңгейінде өсудің оң көрсеткіштері құрылыс, көлік және байланыс салаларынан көрінді.

Берік Дәулетов

  • 21.06.2024

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, Премьер-министрі Олжас Бектенов экономиканың 6% деңгейінде өсуіне қол жеткізу жөніндегі шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қазіргі күрделі геосаяси жағдайға және негізгі сауда серіктестерінің ағымдағы жағдайына қарамастан, Үкімет Мемлекет басшысының экономиканың өсуін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған міндетіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады.

Бүгінгі таңда 8% деңгейінде өсудің оң көрсеткіштері құрылыс, көлік және байланыс салаларынан көрінді. Жаппай су тасқынына байланысты саудада белгілі бір төмендеу байқалды. Дегенмен, бүгінгі таңда бұл саладағы өсу динамикасы белсенді түрде қалпына келтірілуде.

Жалпы, Үкімет экономиканың өсуінің негізгі нүктелері ретінде құрылыс, инфрақұрылым, өңдеу және АӨК бөледі. Бұл салаларға басым қолдау көрсетілетін болады.

Үкімет «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек» холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражатын, экономикадағы басым жобаларды қаржыландыру үшін тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капиталды белсенді тартады. «Бәйтерек» желісі бойынша биыл жобаларды 3 трлн теңгеден астам сомаға, «Самұрық-Қазына» қаражаты есебінен – 700 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру жоспарланып отыр.

Нақты шаралар:

 – құрылыс саласында кемінде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда;

– «Отбасы Банкі» - «Отау» және «Наурыз» жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларын іске қосты. Ол бойынша 64 мың адамнан өтініш қабылданды;

- жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қосымша 222 млрд теңге бөлінді;

- 12 мың шақырымнан астам автожолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу жоспарланған – бұл рекордтық сандар;

– 13 арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, сондай-ақ шағын өнеркәсіптік аймақтардың аумақтары қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады;

– жаңа газ желілерін салу есебінен қосымша 87 елді мекенді газдандыру жоспарлануда;

- газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысы жүргізілуде;

- отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін ұлттық режимнен алып тастау тізбесі 4 есе кеңейтілді. Егер жыл басында тізбеде шамамен 1 мың тауар болса, қазір онда 4 мыңнан астам тауар түрі бар.

Бұл біз қазір жүзеге асырып жатқан негізгі ауқымды шаралар. Олар экономиканың өсуін қамтамасыз етеді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: vechastana.kz

Байланысты жаналықтар

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
MalimBlocks
18 мамырға арналған валюта бағамы

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді