Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды

Сұлу Бөлек

  • 19.04.2025

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қажет шараны Ұлттық экономика министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізді. Жүргізілген мемлекеттік аудит шеңберінде бұл салада бірқатар кемшілік анықталған еді. 

"Мәселен, "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында жергілікті атқарушы органдардың басқа кредиторлар алдындағы қарызын өтеуге жұмсалған шығыстар жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген. Бұл орталыққа борыштық жүктеме түсіреді. Жергілікті жерлерде қарыз алу лимиттері (кірістердің 10%-ынан аспайтын) кей жағдайларда сақталмайды. Ал жергілікті атқарушы органдар лимитті сақтамағаны үшін жауапқа тартылмайды. Жалпы қарызды басқару әртүрлі әдіспен жүзеге асырылып келген", – делінген хабарламада.

Жоғары аудиторлық палата осы жағдайды ескеріп Ұлттық экономика министрлігіне  нормативтік-құқықтық базаға қажетті өзгерістер енгізу арқылы анықталған олқылықтарды жоюды тапсырды. Нәтижесінде жаңа Бюджет кодексіне (2025 жылғы 15 наурызда қол қойылған) бірқатар тиісті түзету енгізілді:

  • енді жергілікті қарыздарды өтеуге арналған шығыстар орталық деңгейде қалыптасатын өңірлердің жалпы шығындарының болжамына (білім беру, медицина, инфрақұрылым және т.б.) енгізілмейді. Бұл өңірлерге оларды өтеу бойынша басым жауаптылық бекітеді;
  • жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттері президент жарлығымен бекітілетін нысаналы бағдарлар ескеріле отырып айқындалады;
  • лимиттердің сақталмағаны үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімі тікелей жауап береді. 

Сондай-ақ төмен тұрған бюджеттердің салықтық және салықтық емес кірістерін асыра орындау сомалары енді тоқсанына бір рет олардың борыштық міндеттемелерін өтеуге және жоғары тұрған жергілікті бюджеттердің басым әлеуметтік шығыстарын қаржыландыруға бағытталады.

Бұл тәсіл бюджеттердің дербестік қағидаттарын нығайтуға, борыштық жүктемені қысқартуға, қаржылық тәртіпті арттыруға және бюджет қаражатын тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады