Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күзде Шымкентте жаңа жолайырық ашылады

Экономика
Күзде Шымкентте жаңа жолайырық ашылады

Адам саны да, көлік саны да артып келе жатқан Шымкент қаласында жол қозғалысын ыңғайлы ету өте маңызды. Осыған орай қалада бірнеше қиылыста арнайы көпірлер, айналма жолдар салынып жатыр. Соның бірі Рысқұлов-Қонаев көшелеріндегі жолайырық құрылысы.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, жолайырық құрылысымен танысты. Жауаптылардың берген есебіне сәйкес қазір 3,3 шақырым су, газ құбырларының орны ауыстырылып, 300 метр жер асты өткелі қазылып, 180 метр тіреу қабырғалары мен 7 бағана және 105 дана қада құйылыпты.

Айта кетерлігі, құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп келеді. Құрылысты толық аяқтау 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі есеп бойынша Қонаев даңғылының жер асты өткелінде көлік қозғалысы осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін, Рысқұлов көшесін 1 қарашаға дейін ашылмақ.

Нысанының жалпы ұзындығы 580 метр. Қазіргі таңда, жол жамылғысымен бірге 400 метр жұмыс толық аяқталған. Көше құрылысы үшін жеке меншік үйлерді мемлекет иелігіне алғаннан кейін қалған бөлігі жасалады. Жол құрылысының І кезеңі осы жылдың маусым айында аяқталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу