Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

«Росатом» бұл мәселені шешуге қажетті өз құзыретін ұсынуға толығымен дайын», – деді ол.

Malim Админ

  • 07.11.2024

Ресейлік «Росатом» компаниясы Қазақстанда АЭС құрылысын салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға дайын. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.


«Ресей көмектесуге дайын ғана емес, Ресей қазірдің өзінде өз ұсынысын жасап қойған. Біз Президент Тоқаевтың бастамасымен өткізілген референдумды бақылап отырдық, оның атом энергетикасын дамыту жоспары қолдау тапты. «Росатом» бұл мәселені шешуге қажетті өз құзыретін ұсынуға толығымен дайын», – деді Лавров.

Сонымен қатар ол Ресей басқа мемлекеттердің агенттіктері және құрылымдарымен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

2024 жылдың 6 қазанында өткен референдумда қазақстандықтардың 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берді. Қазақстанда атом электр станциясын салуға үміткер 4 вендер компания іріктеліп алынды. Олардың қатарында француздың EDF компания қытайлық CNNC, ресейлік Росатом мен оңтүстіккореялық KHNP компаниясы аталды.

Алайда кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС-ті жеке бір елге тиесілі компания емес халықаралық консорциум салуы мүмкін екенін айтты.

Ал консорциумға қандай мемлекет пен қандай компаниялар енетіні 2025 жылы белгілі болады. Вице-премьер Роман Склярдың айтуынша, станцияның жоба-сметалық құжатын дайындауға ғана 1,5 жыл кетеді. Үкімет АЭС-ті Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында салуды жоспарлап отыр.

Фото: Ria.ru

Байланысты жаналықтар

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

01.05.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады?

04.03.2025

Алғашқы АЭС құрылысы қашан басталады?

26.02.2025

Үкімет АЭС салатын орынды бекітті

25.02.2025

АЭС құрылысы: шорт-листке 4 ірі компания кірді

31.01.2025
MalimBlocks
Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

Осыған дейін бірнеше лауазымды қызмет атқарған

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады?

Алғашқы АЭС құрылысы қашан басталады?

Үкімет АЭС салатын орынды бекітті

АЭС құрылысы: шорт-листке 4 ірі компания кірді