Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады

Сұлу Бөлек

  • 07.04.2025

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымға арналған фьючерстер бағасы 2,60 пайызға төмендеп, Астана уақытымен 08:20-да бір баррель үшін 63,87 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың мамырға арналған фьючерстері 2,50 пайызға арзандап, 60,44 доллар болды.

Жағдай неден басталды?

Еске салайық, мұнай бағасының құлдырауы 3 сәуірде басталды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елден келетін импорттық тауарларға жаңа, жоғары мөлшердегі баж салығын енгізгеннен кейін болды.

Қазақстанға әсері қандай?

Қазақстан да кедендік салық енгізілген елдердің қатарына енді. АҚШ-қа экспортталатын қазақстандық тауарларға 27 пайыздық тариф белгіленді. Осыған байланысты ҚР Сауда министрлігі жағдайға пікір білдірді, ал сарапшылар өз бағаларын ұсынды.

Әлем не дейді?

WSJ мәліметінше, Қытай АҚШ-пен толыққанды сауда соғысына дайындалып жатыр.

Сонымен қатар, ОПЕК+ ұйымына мүше сегіз ел мамыр айынан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 411 мың баррельге арттыратынын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, БАҚ деректеріне сүйенсек, Сауд Арабиясының Saudi Aramco компаниясы Азия нарығындағы тұтынушылар үшін Arab Light маркалы мұнайының мамыр айына арналған бағасын бірден 2,30 долларға арзандатты.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

21.04.2025

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

18.04.2025

Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

17.04.2025
MalimBlocks
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңге

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

Бұл туралы заңгер түсіндірді

Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады