Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

Сұлу Бөлек

  • 28.04.2025

Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін 1 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қосшы қаласында су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға 476,7 миллион теңге бөлінді. Осылайша халық 100 пайыз орталықтандырылған сумен қамтылады.

"Қазір шамамен 50 шақырым құбыр тартылған. Жалпы желілердің ұзындығы 64,1 шақырым болады деп жоспарланып отыр. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру көзделген. Қолданыстағы инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген. Ал ресми деректерге сәйкес, бүгінде Қосшыда 50 мыңнан астам адам тіркелген. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2038 жылға қарай тұрғындар саны 150 мыңнан асады деген болжам бар", – делінген хабарламада. 

Су құбырын жөндеуге қанша қаражат қажет?

Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша 72,7 шақырым желі тарту қарастырылған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен бүгінде 45 шақырым бойынша жұмыс аяқталған. Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 606,4 миллион теңге жобаны толық аяқтап, халқы 18 мыңнан асатын қаланы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Заңсыз шығарылған активтерді қайтарудан түскен қаражатты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртудың тиімді тетігіне айналды. Қазір Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, инженерлік желілер мен су құрылыстарын жаңарту сияқты салалардағы 280-ге жуық жобаны іске асыруға қаражат бөлінді" – делінген хабарламада.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

05.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған