freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дизель отыны екі есе қымбаттады: Шаруалардың шығыны да, шағымы да көбейіп тұр

Экономика
Дизель отыны екі есе қымбаттады: Шаруалардың шығыны да, шағымы да көбейіп тұр
https://agroreview.com

Ресейде жанармай тапшылығы қайта күшейіп, бұл жағдай ауыл шаруашылығы өндірушілеріне де қысым түсіріп отыр. Тамыз айында елдің бірқатар өңірінде жанармай сатуға шектеу енгізіліп, АЗС-терде кезек көбейген.

Жуырда Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак елдің 10 өңірінде жанармай нарығындағы жағдай әлі де күрделі екенін мәлімдеді.
Кеше Мәскеудің өзінде жанармай тапшылығы қайта күшейгені хабарланды. Кейбір жанармай бекеттерінде кезек бір шақырымға дейін созылған. Бірқатар станция уақытша жабылып, кейбірінде тек дизель отыны сатылған. Ресей билігі ішкі нарықты тұрақтандыру үшін мұнай өнімдерін импорттай бастағанын растады.

Ауыл шаруашылығы үшін мәселе бұдан бұрын-ақ сезіле бастаған. Forbes басылымы маусымда Ресейдің оңтүстік өңірлеріндегі аграршылардың дизель тапшылығы мен бағаның күрт өсуіне шағымданғанын жазды. Басылымның мәліметінше, 30 сәуірден бері аграрларға арналған дизель шамамен 42%-ға, ал ақпаннан бері екі есеге қымбаттаған. Кейбір шаруалар отынды бірнеше күн күтуге мәжбүр болған.
Reuters те шілдеде Ресейдің астық өндіретін өңірлеріндегі фермерлер егін жинау кезінде отын тапшылығынан қауіптеніп отырғанын хабарлаған. Шаруалардың айтуынша, жанармай бағасының өсуі ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына қосымша қысым түсіреді.
Қазіргі дағдарыстың негізгі себебі ретінде Ресейдегі мұнай өңдеу инфрақұрылымына жасалған шабуылдар, мұнай өңдеу көлемінің төмендеуі және жазғы маусымдағы сұраныстың өсуі аталады. Ресейдегі мұнай өңдеу қуатының қысқаруы ішкі нарықтағы отын тапшылығын күшейткен. Сондықтан мәселе тек автокөлік жүргізушілеріне емес, егін жинау науқаны жүріп жатқан ауыл шаруашылығы секторына да тікелей әсер етіп отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу