Олжас Бектенов экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді.

Malim Админ

  • 18.10.2024

Оған жекелеген министрлер мен аймақ әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Атамекен» ҰКП басшылықтары, сондай-ақ бірқатар саладағы бизнес өкілдері қатысты. 

Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және өсімнің жаңа мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру. • «Бәйтерек» холдингінің экономиканың түрлі салаларында пилоттық жобаларды іске асырудағы жаңа тәсілдері қарастырылды. Бұл инвестициялық жобаларды қарау талаптарын жеңілдету және біріздендіру, сондай-ақ өтінім бергеннен бастап, жобалық қуатқа шыққанға дейін бизнес-бастамаларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бірінші кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, тереңдете өңделген металлургия өнімдері және басқа да жобалар қарастырылды. 

«Бәйтерек» холдингі енгізген бірыңғай және жеңілдетілген өтінімдерді қарау регламенті бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың ашықтығын әрі тиімділігін арттырады, сондай-ақ ішкі нарықта отандық өнімнің өсу қарқынын арттырып, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтеді. 

Премьер-министр бизнеске көрсетілетін қолдау шараларының тиімділігін арттыру үшін әкімшілік шығындарды азайту қажеттігін атап өтті. 

«Мемлекеттік органдар мен даму институттары бизнеспен барынша қолайлы жағдай режимінде жұмыс істеп, елімізге қажет экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға дайын тиімді кәсіпкерлерді белсенді іздеуі керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнеспен тығыз жұмыс істеуінің маңызын ерекше атап өтті. Отандық өндірушілердің тауарлары, қызметтері мен жұмыстарын сатып алу бойынша өз уақытында оффтейк-келісімдер жасау қажеттігі айтылды. Осылайша, қолдау шаралары тек белгілі бір кәсіпкерлерге ғана емес, жалпы қазақстандық өндірісті дамытуға оң әсер етуі тиіс. 

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар мен аймақ әкімдіктері, «Бәйтерек» холдингі мен «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесе жаңа проактивті жұмыс форматына көшуді жедел түрде қамтамасыз ету тапсырылды.

Фото: Үкімет
 

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары қалай жұмыс істейді?

05.05.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары қалай жұмыс істейді?