Қазақстан халқы банктерге 17,8 трлн теңге қарыз

Банктердің халыққа берген несиелері 2024 жылдың басынан бері 6,4%-ға ұлғайды

Арман Қайыпхан

  • 05.06.2024

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың алғашқы 5 айына қатысты деректер ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Банктердің халыққа берген несиелері 2024 жылдың басынан бері 6,4%-ға ұлғайып, 17,8 трлн теңгеге жетті. Халыққа берілген несиелердің өсуі тұтынушылық несиелердің 1,4%-ға (11,1 трлн теңгеге дейін), сондай-ақ ипотекалық несиелеудің 0,6%-ға (5,5 трлн теңгеге дейін) ұлғаюымен байланысты.

Сәуірде халыққа ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 19,8% болды. Наурызда несиелер сәл арзандап, 19,1%-ға түсті.
Ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі 13,7% (2024 жылғы наурызда – 13,8%) болды.

Халық арасында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар несиелердің деңгейі 3,8% немесе 672 млрд теңгеге жетті.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025

Елімізде несие алуы қиындай түспек

30.04.2025

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025
MalimBlocks
Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс

Елімізде несие алуы қиындай түспек

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды