Қазақстанда 1,4 миллион адам сыртынан несие рәсімдеуді шектеген

Malim Админ

  • 26.12.2024

2023 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстанда деректерді қорғау және ақпараттың ағып кетуін болдырмау үшін жүйелі шаралар қабылданды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде 50 жеке жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы жұмыс істейтінін хабарлады.

Мамандардың кәсіби командалары ақпараттандырудың аса маңызды объектілерінің иелеріне және мемлекеттік органдарға IT-инфрақұрылымды қорғауға көмектеседі. 

Сонымен қатар ақпараттық жүйелердегі осал тұстарын анықтау үшін жекеменшік BugBounty платформасы құрылды. Ол қазірдің өзінде әлемнің түкпір-түкпірінен 2,4 мыңнан астам тәуелсіз киберқауіпсіздік сарапшыларын тартты, олар ықтимал осал тұстар туралы, оның ішінде электрондық үкімет нысандарында 3 мыңнан астам есеп берді. Вице-министрдің айтуынша, әрбір осындай есеп қаралады және алынған ақпарат негізінде кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданады.

Азаматтардан мемлекеттік ақпараттық жүйелерден олардың дербес деректеріне қол жеткізу бойынша келісімдер жинау, сондай-ақ бұрын берілген келісімдер бойынша оларға қол жеткізу туралы eGov порталы арқылы хабарлау мүмкіндігі үшін күн сайын 1 млн-нан астам сұрау салуды дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі өңдейді. Сервиспен 195 ақпараттық жүйе біріктірілген. 

«eGov-дағы «СТОП-несие» деп аталатын функцияда банктік қарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту жасалды, бұл алаяқтарға оларды азаматтардың сыртынан рәсімдеуге мүмкіндік бермейді, ал несие алу қажет болған жағдайда азамат оны өшіре алады. Бұл функцияны 1,4 миллионнан астам азамат пайдаланды.  
Сондай-ақ ЦДИАӨМ-ге дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау функциясы берілген, бұған дейін ол болмаған. Жыл басынан бері азаматтардың шағымдары бойынша 79 тексеру шарасы өткізілді», — деді Асхат Оразбек.

Сондай-ақ вице-министр азаматтардың дербес деректерін таратқаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отырғанын хабарлады. Айыппұл мөлшерін 3 есе арттыру ұсынылады, қазір олар 10-нан 1 мың АЕК-ке дейін құрайды. 

Сонымен қатар 1 млн-нан астам азаматтың дербес деректерін өңдейтін меншік иелері мен операторлар үшін міндетті кибер сақтандыруды енгізу көзделіп отыр, бұл азаматтарға деректер ағып кеткен жағдайда материалдық өтемақы алуға, ал компанияларға – тұтастай алғанда ақпараттық қауіпсіздікке назар аударуды күшейтуге мүмкіндік береді. 

Премьер-министр Олжас Бектенов интернет-алаяқтыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибені, әсіресе, табысты модельдер әзірленген және біздің заңнамамыздың ерекшеліктеріне бейімдеуге болатын елдердің тәжірибесін белсенді қабылдауды тапсырды. 

«Цифрлық технологиялардың кеңінен енуі әртүрлі алаяқтық әрекет санының өсуімен қатар жүруде. Күн сайын дерлік киберқылмыстар жасалады. Азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін түбегейлі шаралар қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

«Ұятсыздар». Әнші Бүркіт алаяқтарға үндеу жасады

28.03.2025

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

«Фридом Финанс» қызметкерлері алаяқтыққа қатысты шағым бойынша тексеріліп жатыр

26.03.2025

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

26.03.2025

Үкімет қытай тарапымен мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

24.03.2025

Алматы облысында 600 млн теңгеге алаяқтық жасағандар ұсталды

21.03.2025
MalimBlocks
«Ұятсыздар». Әнші Бүркіт алаяқтарға үндеу жасады

Әнші алаяқтарға алданатын қариялар көптігін айтты.

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

«Фридом Финанс» қызметкерлері алаяқтыққа қатысты шағым бойынша тексеріліп жатыр

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады

Үкімет қытай тарапымен мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден аса мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Алматы облысында 600 млн теңгеге алаяқтық жасағандар ұсталды

Алматы облысында Telegram арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен төрт қатысушысы ұсталды