Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтар жазда Түркияда демалу бойынша биыл рекорд орнатты

Экономика
Қазақстандықтар жазда Түркияда демалу бойынша биыл рекорд орнатты

Жаздың үш айында қазақстандықтар Түркияға 440,4 мың рет барған. Ондағы демалыс бағасы тамызға қарай өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға өскені әсер етпеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, Түркияға сапарлар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті. Жаз айларындағы бұл дерек кем дегенде 2014 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш болды. Мысалы, 2019 жылы жылдық мәлімет бұдан аздап көптеу болған.

Негізі бұл мәліметтер елге кіру статистикасынан алынып отыр.  Сондықтан, қазақстандықтар Түркияға ұзақ уақытқа барды ма, не үшін барды деген сұрақтар белгісіз. Бірақ 2022 және 2023 жылдардағы егжей-тегжейлі мәліметтер негізінде Анталия ең танымал бағыт болған.

Фото: eturka.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу