Salem Social Media салық төлеуден жалтарған ба?

  • 20.10.2021

Salem Social Media (SSM) компаниясының бұрынғы басшысы Александр Аксютиц Facebook желісіндегі парақшасында салық органдарынан түскен хат жайлы пікір білдірді.   «Алдымен видео түсіріп беруге, оны таратуға өтініш айтып SSM-ға келді. Артынан салық төлемегеніміз жайлы хабарлама алдық. Бірақ Salem Social Media ешқашан салық төлеуден жалтарған емес, бюджетке берешегіміз жоқ. Салық органдары бізді әріптестікке осылайша міндеттемекші ме?» – делінген Аксютицтың жазбасында (орыс тілінен аударылған).

Malim.kz тілшісі Salem Social Media компаниясы салықты қаншалықты уақытылы төлеп жүргенін тексеріп көрді. Сөйтсек, соңғы төрт жыл ішінде компания бюджетке 412 миллион теңгеге аударған. Ал қарыздары жоқ.

Salem Social Media компаниясын олигарх А.Машкеевичтің қаржыландыратыны айтылады. Бұл компания youtube желісінде саясатқа қатысы жоқ контент жасап келеді.

Басты фотода: Salem Social Media түсірген «Сержан братан» сериалынан

 

Байланысты жаналықтар

Salem Social Media Машкевичтерге не үшін қажет?

12.10.2020
MalimBlocks
Salem Social Media Машкевичтерге не үшін қажет?