Сарапшы: Әлеуметтік-экономикалық даму – Президент саясатының жемісі

Ең бірінші назар аударатын нәрсе – республиканың жалпы экономикалық өсімі

Malim Админ

  • 25.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформа жасау белсенділігін талдаушылар көбінесе саяси трансформацияларға баса мән береді. Өйткені, оның көптеген бастамалары басқару жүйесінің қазақтандық моделі үшін инновациялық жаңалықтарға толы болды.


Дегенмен, әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын тікелей жақсартқан әлеуметтік-экономикалық саладағы елеулі жетістіктер көбіне көлеңкеде қалып жатқанын мойындаған жөн. Пікірлер әртүрлі болғанымен, фактілер растайды: соңғы жылдары Қазақстандағы өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарды, тұрақтылық қалыптасты және болашаққа сенім артты.

Ең бірінші назар аударатын нәрсе – республиканың жалпы экономикалық өсімі:

• 2019 жылдан бері азаматтардың нақты табыстары 20,8%-ға, ал жалақы 40%-ға жуық өсті, бұл қазақстандықтардың сатып алу қабілетін айтарлықтай арттырды.

• Ең төменгі жалақы екі есе өсті, бұл 1,8 миллионға жуық адамның, соның ішінде бюджет саласында істейтін қызметкерлердің қаржылық жағдайын жақсартты.
•Жұмыспен қамтылған халық саны 347 мың адамға өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеді, бұл әсіресе аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Тоқаев басқарған жылдары Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі 1,8 есе өсіп, 21,6 триллион теңгеге жетті. Жалпы құны 5,4 триллион теңге болатын 756 жоба іске асырылып, 64 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, жаңа өнім түрлерін, соның ішінде автомобильдер, электровоздар, рентген аппараттары және т.б. өндірісі жолға қойылды.

Машина жасау 2,8 есе, жеңіл өнеркәсіп 2,3, химия өнеркәсібі 2,4 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібін қолдау мен дамытуды 2029 жылға дейін қамтамасыз ететін жаңа заңдар мен бағдарламалар қабылданды.

Кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау осы салада жұмыспен қамтылғандар санының 30,3%-на өсіп, 4,3 млн адамға жетуіне әкелді. Субсидиялау бағдарламалары мен жеңілдетілген рәсімдер ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 36,5%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, бұл мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыспен қамтуды тұрақтандыруға ықпал етті. Осылайша, азаматтардың жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалды.

Екіншіден, әлеуметтік саладағы бастамалардың арқасында Қазақстан мынадай жетістіктерге қол жеткізді:

• Орташа зейнетақы 55%-ға өсті, жұмыс берушілерден міндетті зейнетақы жарналары енгізілді, бұл егде жастағы азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттырады;

• Көп балалы отбасыларға жәрдемақылар көбейтілді, бала күтімі бойынша, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы көбейтілді;

• «Отбасының цифрлық картасы» және «Еңбек ұтқырлық орталықтары» сияқты жаңа бастамалар мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді және жұмыспен қамтуды қолдауды айтарлықтай жеңілдетті.

Сондай-ақ, соңғы жылдары қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы айтарлықтай жақсарды: шамамен 79 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 695 мың отбасын, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын сапалы баспанамен қамтамасыз етуге жол ашты. Нарықтық бағамен сатып алуға немесе жалға алуға мүмкіндігі жоқ жандарға арналған арнайы  баспанамен қамтылуын субсидиялау бағдарламасы 2022 жылдан бастап жұмыс істейді, бұл мұқтаж жандардың баспанаға қол жеткізуіне жаңа мүмкіндіктер ашты. Биыл 9 пайыздық несиемен берілетін «Отау» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.

Соңында, әлеуметтік инфрақұрылымдағы оң динамикаға тоқталған жөн. Білім саласындағы реформалар да мынандай нақты нәтижелер берді:

• мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті;

• 800-ге жуық мектеп пайдалануға берілді, 3 мыңға жуық ауыл мектебі жаңартылды;

• «Жайлы мектеп» бағдарламасы негізінде келесі жылға дейін 740 мыңға жуық оқушы қамтылады.

Гранттар санының артуы, студенттер жатақханаларының салынуы, ауыл мектептерінің жаңартылуы және шетелдік университеттердің филиалдарының ашылуы республика бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, ғылыми дамуға үлкен мән беріліп отыр – ғылымды қаржыландыру 7,4 есеге артып, жас ғалымдарға гранттар бөлініп, шетелде тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктер берілді.

Еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы елеулі серпілістерді ескермеу мүмкін емес: орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті, жалпы өлім 9%-ға, балалардың өлімі 8,45%-ға қысқарды. «Ауыл денсаулығын жаңғырту» бағдарламасы ауылдық жерлерде жаңа медициналық мекемелерді салуға және облыстық ауруханаларды жабдықтауды жақсартуға көмектесті, бұл тіпті шалғай елді мекендерде де медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ауқымды жобасы шеңберінде  өңір тұрғындары тұрақты  еңбекпен қамтылып отыр. Осылайша мега  жоба  аймақтардағы   теңсіздік проблемасын  оңтайландыруға оң әсер етуде.  Халықтың ең негізгі деген  түйткілдерін шешу - жобаның басты  міндеті.   Сондай-ақ,  базалық қызметтерге халықтың еркін қол жеткізуі, тұрғын үй-коммуналдық әлеуетін жақсарту әрі тұрғын үй құрылысын ілгерілету, сондай-ақ көліктік байланысты жандандыру бұқараның өмір сүру сапасын арттырудың жарқын бір жолы. 

Көптеген өзгерістер қазірдің өзінде анық байқалады, одан әрі өсу мен дамудың жолы енді ғана басталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты халықтың өмір сүру деңгейін тұрақты арттыруға және Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға бағытталған. Алда елді өзгертетін жаңа жобалар мен реформалар бар.

Андрей Чеботарев, Тәуелсіз қаржы сарапшысы 

Коллаж: Егемен Қазақстан 

Байланысты жаналықтар

Қияр мен қызанақ бағасы 40 пайызға қымбаттады

03.12.2024

Көмірсутектер саласындағы геологиялық барлауға $82,5 млн инвестицияланды

03.12.2024

2025 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

02.12.2024

Бізді дефолт күтіп тұр ма? Министр Байбазаров не дейді?

02.12.2024

Мақсат Халық, экономист: Инфляцияның үдеуі - халықтың төлем қабілетіне ауыр соққы

29.11.2024

Олжас Бектенов Астанадағы өнеркәсіп жұмыстарымен танысты

29.11.2024
MalimBlocks
Қияр мен қызанақ бағасы 40 пайызға қымбаттады

Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1%, ақылы қызметтер – 0,8%, азық-түлік емес тауарлар 0,7% өсті

Көмірсутектер саласындағы геологиялық барлауға $82,5 млн инвестицияланды

Биыл 2 электронды аукцион өткізіліп, 15 учаске іске асырылды

2025 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Бізді дефолт күтіп тұр ма? Министр Байбазаров не дейді?

Еліміздің құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарға тәуелділігі бар

Мақсат Халық, экономист: Инфляцияның үдеуі - халықтың төлем қабілетіне ауыр соққы

Теңге 10 пайызға құнсызданса, тауар бағасы 3 пайызға өседі

Олжас Бектенов Астанадағы өнеркәсіп жұмыстарымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты.