Шымкентте 33 агроөнеркәсіптік жоба іске асырылады

Malim Админ

  • 17.03.2021

Шымкент, яғни, оңтүстік өлкесі агроһнеркәсіптік кешенді дамытуда алдыңғы орындарда көрініп жүрген аймақ. Сондықтан, бұл аймақтағы, оның ішінде Шымкент қаласындағы агроөнеркәсіпті дамыту тек қала әкімі үшін ғана емес, үкімет үшін де маңызды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Қазір Шымкент қаласында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында 31 794 млн теңгені құрайтын 33 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде өндірістік жылыжай кешендері - 10 жоба, қарқынды бау - 4 жоба, қайта өңдеу саласы - 4 жоба, мал бордақылау алаңдарын құру - 3 жоба, тауарлы сүт фермаларының өнімін арттыру мақсатында 4 жоба, жұмыртқа өндірісі және балық шаруашылығында 8 жоба іске асырылмақ.

Аталмыш жобалар іске асса 830 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен бірге қаладағы көкөніс өндіру көлемі - 35 мың тоннаға, қарқынды бау алаңы - 441 гектарға, қайта өңдеу саласы-27,4 мың тоннаға өседі. Ет өндірісі - 5,4 мың тоннаға, сүттің көлемі – 8 мың тоннаға, жұмыртқа өндірісі - 15 млн данаға және бройлер құс еті - 500 тоннаға дейін ұлғайып, қалада өндірілетін балық өнімі - 100 тоннаны құрайтын болады.

Байланысты жаналықтар

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

19.04.2025

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

18.04.2025

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

18.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

17.04.2025

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025
MalimBlocks
Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды

Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар