Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Теңгені тұрақтандыру үшін интервенция жүргізуге 1 млрд доллар жұмсалды

Экономика
Теңгені тұрақтандыру үшін интервенция жүргізуге 1 млрд доллар жұмсалды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына қатысты пікір айтты.


«Біз реалистпіз. Доллар бағамының өзгеруі басқа елдерден әкелінетін тауарлардың құнына әсер етуі мүмкін екенін білеміз. Бірақ, азық-түлікті өзімізде қамтамасыз етілген тауарлардың қатарына жатқызар едім. Сондықтан бағаның өзгеруін күтпеймін», - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкіде өткен баспасөз мәслихатында.
Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Айта кетейік, бүгін Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 — 517 теңгеден саудаланып жатыр. 

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы теңге бағамын тұрақтандыру үшін интервенция жүргізуге 1 млрд доллар жұмсалатынын атап өтті.

Фото: kapital.kz   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу