Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз 15,25% деңгейінде қалдырды

Оған Ресейдегі инфляцияның әсер етіп отырғанын мәлімдеді

Мәди Саматұлы

  • 17.01.2025

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық банк мәлімдеуінше, желтоқсанда елімізде инфляция 8,6%-ға дейін үдеп, 2024 жылға болжанған 8-9% диапазон шегінде қалыптасты. Оған қызметтер бағасының жоғары өсуі және тамыздан бергі азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясының жеделдеуі көп үлес қосты. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру мен теңгенің әлсіреуі аясында инфляция күш алып тұр.

Сонымен қатар, инфляцияның орнықты бөлігінде өсім сақталып отыр. Ол фискалдық ынталандыру жалғасқандықтан сұраныс тарапынан қысым барын көрсетеді. Желтоқсан айында халықтың инфляциялық күтулері, жоғары құбылмалылықты көрсетіп, қайта өсті.

Әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуына және Ресейде инфляцияның қарқын алуына байланысты сыртқы инфляциялық қысым жоғары болып тұр, деп жазылған ресми хабарламада.

Проинфляциялық тәуекелдер сақталып отыр. Сыртқы ортадан – олар Ресейдегі инфляцияның жоғарылауына байланысты, ал ішкі ортадан – реттелетін бағалар саласындағы реформаның жалғасуына, әлсіреген теңгенің бағаларға әсер етуіне, фискалдық ынталандыру, тұрақсыз инфляциялық күтулер және тұтынушылық кредиттеудің өсуі кезіндегі жоғары ішкі сұранысқа байланысты.

Фото: Ұлттық банк

Байланысты жаналықтар

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

13.04.2025

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

13.04.2025

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

11.04.2025

Елімізде доллар арзандай түсті

11.04.2025
MalimBlocks
Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

Елімізде доллар арзандай түсті