Ұлттық Банк хабарлайды: 50 білім грантын бөлеміз

Ұлттық Банк 50 білім грантын бөлетіндерін, кейін осы грант бойынша білім алғандарды жұмысқа қабылдайтындарын хабарлады.

Орал Кайрат

  • 06.06.2023

Ұлттық Банк төмендегідей білім гранттары бойынша оқуға өтінім беруге болатынын хабарлады:

1) «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебінде «Қаржы бойынша ғылым магистрі» – 15 грант;

 2) «Нархоз университеті» КЕАҚ «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекелменеджмент», «Макроталдау және болжау» – 20 грант;

 3) «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Қаржылық тәуекелменеджмент және деректер туралы ғылым», «Макроқаржы және деректер туралы ғылым» және «Қаржылық технологиялар» – 15 грант.

Бағдарламалардың мақсаты – Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау. Бағдарламалар аясында қаржы, экономика, қаржылық технологиялар, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау бойынша мамандар даярланады.

Осы бағдарламалар бойынша оқу кезеңінің басталуы 2023 жылғы тамыз-қазанға жоспарланған. Оқуға түсу үшін кандидаттар Университеттердің талабы мен өлшем шартына сәйкес, конкурстық іріктеуден өтеді. «Назарбаев Университеті» ДББҰ бағдарламасы бойынша оқу кезеңінің ұзақтығы – 16 ай, «Нархоз университеті» КЕАҚ және «Қазақстан Британ техникалық университеті» АҚ бағдарламалары бойынша – 2 академиялық жыл. Оқу аяқталғаннан кейін Ұлттық Банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу көзделген. Бағдарламалардың мазмұнымен және оқуға қабылдауға қойылатын талаптармен келесідей сайттарда танысуға болады:

1) «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебі: https://gsb.nu.edu.kz/kz/msc_in_finance

2) «Нархоз университеті» КЕАҚ: https://applied-finance.narxoz.kz/kz

 3) «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ: https://kbtu.edu.kz/kz/poslevuzovskoe-obrazovanie/magistratura-s-nbrk

Байланысты жаналықтар

Теңге тағы теңселе ме? Валюта бағамына шолу

14.04.2022

Ұлттық банк наурызда теңгені қолдауға қанша қаржы жұмсады

01.04.2022

Қазақстан көрші елдерді асырауда

21.10.2021

Досаев болжамды неге сүйеніп жасайды?

26.01.2021

Кредитті жеңілдетудің жолы қайсы?

12.11.2020

Ұлттық қордың түбі көрінді. Енді қайттік?

03.09.2020
MalimBlocks
Теңге тағы теңселе ме? Валюта бағамына шолу

Бір айда ұлттық валюта бағамы 62,91 теңгеге артты.

Ұлттық банк наурызда теңгені қолдауға қанша қаржы жұмсады

Қазақстан ұлттық банкі наурыз айында ұлттық қор нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында бюджеттен 990,5 доллар жұмсаған.

Қазақстан көрші елдерді асырауда

Жыл басынан бері Өзбекстанға 191 млрд теңге аударылған.

Досаев болжамды неге сүйеніп жасайды?

Кредитті жеңілдетудің жолы қайсы?

Ұлттық қордың түбі көрінді. Енді қайттік?