Ұлттық банк жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Арман Қайыпхан

  • 04.02.2025

Қазақстан Ұлттық Банкі құнды заттарды инкассациялау қызметімен байланысты алаяқтықтың жаңа схемасы жайлы ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі құнды заттарды инкассациялау қызметін ұсынатын компаниялардың түрлі интернет-ресурстарда жарияланатын хабарламаларына сақ болу керек екенін ескертеді. Себебі олардың арасында тиісті ҚҰБ лицензиясы жоқ компаниялар да кезігіп жатады.

"Атап айтқанда, өзге ұйымға берілген ҚҰБ лицензиясының реквизиттерін заңсыз пайдаланып жүргендер бар. Сондай деректің бірі өзін "Brinks" Инкассация қызметі" ЖШС деп атайтын ұйым сайтында (оны шетелдік The Brink's Company инкассаторлық компаниясымен шатастыруға болмайды) орналастырылған.  Сол арқылы бұл компания өз қызметінің заңды екенін көрсетуге тырысқан", - делінген хабарламада.

Осындай ұйымдармен шарт жасасып, оларға құнды заттарды инкассацияға беру – тәуекелі жоғары іс.

ҚҰБ азаматтар мен заңды тұлғаларды сақ болуға және инкассация бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың қызметін пайдалануға шақырады.

Белгілі бір ұйымда лицензияның бар-жоғын тексеру үшін ҚҰБ сайтында орналастырылған тиісті лицензиясы бар ұйымдардың ресми тізілімімен танысу қажет.

Фото: Ұлттық банк

Байланысты жаналықтар

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

19.04.2025

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

18.04.2025

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

18.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

17.04.2025

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025
MalimBlocks
Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды

Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар