Жалпыға бірдей декларацияны тапсыру мерзімінің бітуіне бір күн қалды
Тапсырып үлгермегендер жауапкершілікке тартылады
Елімізде жалпыға бірдей міндетті декларация тапсырудың үшінші кезеңінің бітуіне бір күн қалды. Декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсырып үлгермегендер жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Malim.kz.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті декларацияны кәсіпкерлер – заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсыруы керек. Онда табыс көлемі, бизнес ауқымы маңызды емес. Құжатты қарапайым жеке кәсіпкер де, ірі өндіріс иесі де тапсыруы қажет.
Кәсіпкер бірінші жылы 250-нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады. Онда декларациялау сәтіндегі барлық жинақталған мүлік пен ақша көрсетіледі. Оған 2023 жылғы мәлімет кіреді. Бұл форманы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде бір рет тапсырады.
Одан кейінгі жылдары кәсіпкер 270-нысандағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырып, онда бір жыл ішінде тапқан және алған табысын көрсетіп отырады.
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті