Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елге оралған Елдосқа көлік сыйлады

Сұқбат
Елге оралған Елдосқа көлік сыйлады

Бүгін таңда Алматы әуежайына Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов келіп қонды. Дэюдо күресін ел ішіне кеңінен танымал еткен Елдосты ата-анасы мен журналистер, жерлестері күтіп ады.

Елдосқа құрмет көрсетіліп, ел ішіндегі қолы ашық азаматтар көлік мінгізді. Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек:

«Елдос батыр елге аман-есен, абыроймен оралды.

Түнделетіп аэропорттан ата-анасы, бауырлары, достары, журналистер, қаумалаған қалың жанкүйер елмен бірге құрметтеп, күтіп алдық.

Ұзақ жылдар еңсесі езілген, өз тағдырына өзі шешім қабылдай алмаған біз секілді пүшайман елге ұлттық рухты оятатын, намысты дуылдататын, көк туды желбірететін әрбір ұл мен қыз қымбат.

Елдос солардың бірегейі!

Батыр туатын, би тәрбиелейтін, тұлғаны өсіретін ел аман болсын!

Елдің жыртығына жамау, қолына жалау, жүрегіне алау болатын ер аман болсын!

Алла барлық жақсылық пен жеңістің берекесін берсін! » деп жазды әлеуметтік парақшасына.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу