Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеті қымбаттайды

Экономика
Елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеті қымбаттайды

Биыл 1 қазаннан бастап Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға көтеріледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушыларды тасымалдау бағыты бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі көтеріледі.

Билет құнын арттыру вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бағыттар бойынша билет құны қымбаттамағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) ескеру маңызды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2 667 жолаушылар вагоны бар. Олардың 44%-ы тозған.

Фото: rail-news.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу