freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде 36 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі: жаңбыр мен найзағай да болады

Қоғам
Елімізде 36 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі: жаңбыр мен найзағай да болады
ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамандардың айтуынша, алдағы күндері ел аумағында ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр, найзағай және жел күшеюі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын байқалады. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады деп күтіледі.

«5 мамырда солтүстік аймақтарда, ал 6-7 мамыр күндері батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады. Батыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін», – делінген метеорологтардың хабарламасында.

Сонымен қатар температуралық фон айтарлықтай өзгереді. Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 22-32 градустан 27-36 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыста 15-30 градустан 20-35 градусқа дейін жылыну күтіледі.

Мамандар тұрғындарға ауа райының құбылмалы болуына байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу