Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 512,81 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,34 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 25 желтоқсанға белгіленген ресми доллар бағамы – 511 теңге.
Kurs.kz дерегінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 511,11 теңгеден сатып алып, 513,81 теңгеден сатып жатыр.
Астанада долларды орта есеппен 507,52 теңгеден қабылдап, 514,52 теңгеден сатуда.
Ал Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында долларды 511,18 теңгеден сатып алып, 513,39 теңгеден сатуда.