Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Экономика
Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Қазақстанда театр, мұражай және басқа да мәдени іс-шаралардың билеттері қымбаттайды. Мұндай бұйрық жобасын Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Tengrinews.kz-ке берген жауабына сүйенсек, бұл құжат республикалық театрлар, мұражайлар, мұражай-қорықтар, концерттік ұйымдар, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының жұмыстарының бағасына өзгерістер енгізеді.

"Бұйрық бойынша республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың театрлық қойылымдары мен концерттерінің, республикалық музейлердің экспозициялық залдарының бағасы белгіленеді. Бұйрық 2020 жылы қабылданғанын ескере отырып, қазір бағаны өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр. Іс-шараның түріне және билет санатына байланысты өсім бірқалыпты болады", - деп жазылған жауапта.

Министрлік әлеуметтік осал санаттар үшін баға қолжетімді боларына сендірді. Ведомство баға қалай өсетінін нақтыламаған. Өзгерістер тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілгеннен кейін күшіне енеді.

Фото: Pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу