freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елордада конкурдан Challenge Cup финалы басталды

Спорт
Елордада конкурдан Challenge Cup финалы басталды
ҰОК

Астанада ат спортынан ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Елордада Әлем кубогының кезеңі, Challenge Cup финалы, сондай-ақ, CDI1/CDI3 санатындағы жарыстар өтеді. Аталған додалардың барлығы Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) күнтізбесіне енгізілген.

Бәсекеге Бразилия, Колумбия, Үндістан, Марокко, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Мысыр, Эквадор, Ресей, Өзбекстан және өзге де елдердің спортшылары қатысады.

Жарыс бағдарламасына конкур мен атпен мәнерлеп жүру сайыстары енген.

Айта кетейік, 31 мамырға дейін жалғасатын бұл турнирлер 2026 жылы Германияның Ахен қаласында өтетін FEI әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу