Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді валюта бағамын көшеге ілуге тыйым салынбақ

Экономика
Енді валюта бағамын көшеге ілуге тыйым салынбақ

Айырбастау пунктеріне валюта бағамын көшеге ілуге тыйым салынады

Қазақстанда көше бойындағы ғимараттардың қасбеттерінен валюта бағамдары көрсетілген баннерлер алынып тасталмақ, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұндай қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Талқылау 14 сәуірге дейін созылады.

Қаржы қадағалаушы мекеме қазір айырбас пунктерінің бағам тақталары көше жарнамасына жатпайтынын, сол себепті оларды ғимараттарға, жол белгілерінің үстіне, қоғамдық орындарға бейберекет іліп тастайды.

Енді қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдары туралы ақпарат тек айырбастау пунктінің ішіне орналастырылады, – делінген құжатта. 

Бұл өзгеріске ақша айырбастау пункттері дисплейлерінің «жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтіретіні» себеп болған. 
 

Фото: Yandex

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу