Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлем
Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Өзбекстанның Әндіжан қаласында 49 жастағы ер адам 29 жол қиылысында орнатылған жол ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін 52 камераны пневматикалық мылтықпен атып, істен шығарған. Бұл туралы Газета.uz-ге сілтеме жасай отырып Malim.kz хабарлайды.  

Келтірілген шығын көлемі 1,1 миллиард сум деп бағаланды. Өз әрекетін мойындаған бейнежазбада ол халықтан көмек сұраған. Әлеуметтік желілерде оны «нағыз батыр», «жарайсың» және «халық қаһарманы» деп жазып жатқан көрінеді.

Өзбекстан ІІМ-нің Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының хабарлауынша, М.С. есімді азамат 51 бейнебақылау камерасы мен бір радар кешенін пневматикалық мылтықпен атқан. Бұл құрылғылар TELECOM SOFT компаниясына тиесілі, оның құрылтайшыларының қатарында «Узбектелеком» да бар.

Мамандардың есебіне сәйкес, келтірілген материалдық шығын 1 миллиард 147 миллион сумды құрайды.

Әндіжан қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 173-бабы 2-бөлімі, «б» тармағы бойынша (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, ірі залал келтіру) қылмыстық іс қозғады. Бұл әрекет үшін 75-тен 100-ге дейінгі базалық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, 300-ден 360 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, не 2-3 жылға дейін түзету жұмыстары, немесе 1-3 жылға дейін бостандығын шектеу, не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам жалғыз өзі 52 камераны атып сындырғанын айтады. Ал оның автокөлігі айып тұрағына қойылған.

Фото: gazeta.uz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу