Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еріккен адам ба? Америкалық суретші келешек археологтардың басын қатырмақшы

Мәдениет
Еріккен адам ба? Америкалық суретші келешек археологтардың басын қатырмақшы
Коллаж: Gemini LLM/ЖИ. ©malim.kz

Sunday Nobody деген лақаппен белгілі суретші болашақтың археологтарының басын қатырмақшы. Ол үшін Грекия жағалауына әйгілі "Спанч Боб" мултфильміндегі Сквидвардтың мүсінін тастапты. Бұл туралы RTVI.US басылымы жазыпты.

Суретші мүсінді жасар алдында ғалымдармен ақылдасыпты. Олар экологиялық ең таза әрі ұзақ сақталатын материалдар туралы кеңес беріпті.

Суретші сосын, "Спанч Боб" мултфильміндегі Сквидвардтың статуясының 3D-моделін генерация жасапты. Білсеңіз, мультфильмдегі сегізаяқ Скидвард ұсқынсыздығымен белгілі.

Білсеңіз, мультфильмдегі сегізаяқ Скидвард ұсқынсыздығымен белгілі.
© nick.com

Ал суретші оның сымбатты да әдемі нұсқасын соқтырыпты.

Ал суретші оның сымбатты да әдемі нұсқасын соғыпты.
© RTVI.US
Ал суретші оның сымбатты да әдемі нұсқасын соғыпты.
© RTVI.US

Статуя ежелгі грек дискоболының тұрпатында бейнеленіпті. Кісі бойына пара пар мүсінді Қытайда жасатыпты. Құны 25 мың АҚШ долларына шығыпты.

Sunday Nobody мүсінді үрленетін матрастарға тиеп, Грекия жағалауына шығып, тереңдігі 6-8 метр болатын жерге батырып кетіпті. Суретші мүсін тасталған жердің нақты орнын айтпай отыр, себебі әрекеті заңсыз екен.

Суретші мүсін тасталған жердің нақты орнын айтпай отыр, себебі әрекеті заңсыз екен.
© RTVI.US

Суретшінің айтуынша, ол мұны қалжың үшін жасапты. Болашақтың археологтары тауып алып, бұл қай философтың әлде құдайдың мүсіні екен деп бас қатыратын болады дейді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу